О нас
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көштік.Қазіргі жағдайда біз ғана емес, әлем елдері де осы жүйе бойынша білім беруде. Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі. Тараз қаласы 20 орта мектебі соған байланысты төртінші тоқсанның сабағын онлайн және қашықтан өтетін болады. 1 сәуір күні сынама сабаққа жалпы саны- 375 оқушы қатысты. Zoom платформасы арқылы-129, Whatsapp желісі арқылы-233 kundelik.kz арқылы-12 оқушы сынама сабаққа қатысты.
2 сәуірде өткен " Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?"онлайн ата-аналар жиналысына жалпы саны-252 ата-ана қатысты. Оның ішінде - 8 ата- ана қатыса алмады. Интернет желісінің баяулығына байланысты. Ата-аналар жиналысы ZOOM (101 ата-ана) және Whatsapp желілері (151 ата-ана) арқылы өтті.
Биыл мектеп түлектері үшін де сынақ жылы болғалы тұр. 11 сынып оқушыларының март айында тапсыратын ақылы тест сынағы да өткен жоқ. Алда пәндер бойынша емтихан, арғы жағында жоғары оқу орнына түсу үшін бағы сыналатын ЕНТ бар. Оған дейін коронавирус індетінің беті қайтып, қалыпты өмірге ораламыз деп сенейік.