10
қаңтар
2023
2022-2023оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 09 қаңтардан басталады
"Жамбыл облысы әкімдіктің Білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №20 орта мектеп "КММ КОНКУРС жариялайды:
2022-2023оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 09 қаңтардан басталады.
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021.№568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "enbek.kz" және мектебіміздің ресми сайтына (school_taraz_20@mail.ru) жарияланады.
Конкурс уақытша бос орындарға директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары лауазымына (0,75 жүктеме) жүргізіледі:
Конкурс өткізілетін мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, И.Крылов көшесі №1. Анықтама байланыс телефоны 56-54-71;
56-54-72.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7)психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10)Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11)тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.