Мұғалімдер шығармашылығы » СШ №20
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 56-54-72
Есепші бөлімі:
+7(7262)56-54-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдер шығармашылығы
20
маусым
2017

Мұғалімдер шығармашылығы

Критериалды бағалау жүйесі бойынша 2016-2017 оқу жылының
 II жарты жылдық қорытындысы бойынша есеп
 
  Білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жаңартылған орта білім беруді енгізу кезінде білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
   Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі  білім алушыл арды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған.

Zhyldy-eseb.docx [2,14 Mb] (cкачиваний: 172)
Посмотреть онлайн файл: Zhyldy-eseb.docx

 

Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерийлері берілсе, бұған қол жеткізу әбден мүмкін.
1.Критериалды бағалау жүйесі бойынша нормативтік құжаттар.
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық-әдістемелік құжаттар арқылы реттелді:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;
-         Оқу бағдарламасы;
-         Оқу жоспары;
-         Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын,бідім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;
-         Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
-         Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;
-         Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы:
-         Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
Осыған орай мен бірінші «Критериалды  бағалау жүйесі бойынша» нормативтік құжаттар базасын жүйелеуден бастадым. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арнайы семинар өткізіп, критериалды бағалау бойынша нұсқаулықпен таныстырдым. Атап жазатын болсам терминдер мен анықтамаларға ( Балл қою кестесі,білім алушының портфолиосы, дескриптор, жиынтық бағалау, кері байланыс, критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау, бағалау нәтижелерін тіркейтін электрондық журнал) толық түсіндірме жұмыстарын жүргіздім. 2.Мектепте қалыптастырушы бағалауды енгізу мен қолдану.
2016-2017 оқу жылында 1сыныптарға критериалды бағалау жүйесі енгізілді. 1 сыныптарға беретін пән мұғалімдері критериалды бағалау жүйесі бойынша(дене шынықтыру пән мұғалімінен басқалары) алдын-ала курстан өткізілді.  Мектепте қалыптастырушы бағалауды енгізу мен қолдану тиімді, өйткені  қалыптастырушы бағалау кезінде оқушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Олардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.Қалыптастырушы бағалау оқушыны жауапкершілікке,өздігінен ізденуге,білім алуға жетелейді. Қиын жақтарына тоқталсақ:  қалыптастырушы ,жиынтық бағалау кезінде тапсырмалар шығаруға уақыт көп кетеді.Осыған орай арнайы қалыптастырушы,жиынтық бағалау дәптерлері енгізілсе,жұмысты үнемді қылатын еді.
3.Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру.
 2017 жылдың 2-ші ақпан күні 1 сынып  ата-аналарына қалыптастырушы бағалау жүйесімен таныстыру жиналысы өткізіліп,түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Олардан 10 сұрақтан тұратын сауалнамалар алынды, рубрика жүйесінің тиімділігі айтылды.
       « Ата-аналарға арналған сауалнама
        «Сіздің балаңыз жаңартылған оқу бағдарламасына дайынба?»
Балаңыздың оқуына көңіл бөлесіз бе?
2.Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Жаңартылған білім жүйесінің құрылымымен танысссыз ба?
4. Осы оқытудың болашақта тиімдігін бағыттай аласыз ба?
5. Критериалды бағалауға келісесіз бе?
6. Тиімділігіне көзіңіз жете ме?
7. Оқушыны алға ынталандыратынын,өз деңгейін айқындай алуына көмегі барма деп ойлайсыз ба? 
8.Мұғалім мен ата-ана арасында ынтымақтастық болу керектігін айқындайсыз ба?
9.Сіздің тарапыңыздан қолдау көрсете аласыз ба?
10. Кері байланыс түзуге дайынсыз ба?»
4.Білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру.
2016-2017 оқу жылы 1-сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды. Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2015 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспары және бағдарламаларымен оқытылды.Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінді.Бұл дағдылар жалпы адамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік берді.Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мектептің ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады.Бұл жағдайларда оқушы- таным субьектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің  ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да,мүмкіндігіне де қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылдық. Оқыту мақсаты оқушы  және мұғалім үшін ортақ болады, міне білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастады, ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетті. Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс болды.Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылды. Атап айтсақ: білім алушылармен ынтымақтастыққа және дербестікке қабілетті тұлғаны әлеуметттендіру, ақпаратты өздігінен алу,талдау және тиімді қолдану дағдысын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
5.Мектепте бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды енгізу және қолдану.
Пәндерді,бөлімдерді,тақырыптарды кіріктіру, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру құралы- ортақ тақырыптар- жаңартылған бағдарламалардың бірден бір ерекшелігі болып табылады. Олар барлық пәндердің мазмұнымен,ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау жүйесімен байланысқан. Сондықтан,мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындауда ортақ тақырыптар жүйесін сақтау және тапсырмаларды құрастыру мен оқушылардың сабақтағы қызметін ұйымдастыруда оларды ескеріп отырды.1-сыныпта ортақ тақырыптар әр тоқсанға 2 –еуден тең бөлінген,олардың әрқайсысына шамамен бірдей сағат саны қарастырылды. Мұғалім әрбір ортақ тақырып үшін сағат санын білім алушылардың дайындық ерекшелігіне байланысты өзі өзгертті.1-сыныптарда мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға білім алушылардың оқу бағдарламаларының 3-4 тоқсандардағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтағаннан кейінгі балл және бағалар қойылған  жетістіктері туралы ақпарат беру үшін жүргізілді.Ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға дейін қалыптастырушы бағалауда  тақырыпты түсінуге,өзінің қандай деңгейде тақырыпты игеріп отырғандығын білуіне мүмкіндік берілді.Ал қиындықтары тапсырманың арнайы дәптерде берілмеуінде болды.әр балаға тапсырмаларды шығаруға уақыт кетті.
6.Мектепте тоқсандық жиынтық бағалауды енгізу және қолдану.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» №52 бұйрығын, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №55 кіріс хатын және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық хатты басшылыққа ала отырып,2017 жылдың 16 қаңтар күні мектептің «Білім алушылардың тоқсандық жиынтық бағалауын өткізу туралы» №7 т.24 бұйрығы шығарылып,тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының нәтижесін талқылау үшін модерация тобы құрылды.Модерация тобының құрамына:
-Модерация төрайымы:А.Мусатаева-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
-Модерация мүшелері:
1) Б.Бейсембаева-директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2)А.Кадырова-бастауыш сынып бірлестік жетекшісі;
3)С.Уразбаева-бастауыш сынып мұғалімі;
4)А.Абдикаримова-бастауыш сынып мұғалімі кірді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу жоспары құрылып,пән мұғалімдері тарапынан жиынтық бағалау тапсырмалары оқу мақсаттарына, бағалау критериалына сай құрылды.Тоқсандық жиынтық бағалау параллель сыныптар үшін бірдей жағдайда өткізілді.Тоқсандық жиынтық бағалауды қайта орындауға жол берілмеді.Тоқсандық бағаларды қоюда бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалаумен байланысы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес меңгерілген оқу материалының көлемі мен бөлім/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалауы санына байланысты анықталды.
Модерация тобы белгілі пән бойынша балл қою кестесіне қатысты бірыңғай түсінікті қамтамасыз ету үшін алдын-ала бағаланған жұмыстарды талқылады.Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ,төмен деңгейге қарай өзгертіліп,хаттамаға тіркеліп отырды.
Пайдалы жақтары: Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмады, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты. Бағалау барысында қарапайым субьективті сандық бағаларды тіркеуден сапалы, обьективті бағалау жүргізілді. 
Қиындықтары: Материалдық базаның жетіспеушілігі,әр кабинеттің  АКТ мен жабдықталмауында.
7.Білім алушылар портфолиосы.
Білім алушылардың портфолиосы бағалау  нәтижелерінің анықтығы мен дәлдігін арттыруға бағытталды.Портфолиоға білім алушылардың мақсатты түрде жинақтаған,олардың оқудағы нәтижесін,ілгерілеуін,сауат ашу,математика,орыс тілі, ағылшын тілі,жаратылыстану,дүниетану,көркем еңбек пәндері бойынша жетістіктерін көрсететін жұмыстары салынды.Портфолиода білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған жұмыстары,білім алушылардың рефлексиялары,мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері байланыстары жинақталды.
8.Сабақтарға қатысу,өзара сабаққа қатысу.
Директордың оқу-тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары ретінде әр ай сайын
1- сыныптардың сабақтарына кіріп, әдістемелік көмек беріп отырдым. Жыл қорытындысы бойынша 27 сабаққа қатыстым. Досжанова П.- 1 «А» сынып жетекшісі, Қадырова А –1 «Ә» сынып жетекшісі, Леонтьева Н. -1 «Б» сынып жетекшісі өзара сабаққа қатысып,тәжірибие алмасып отырды.
9. Критериалды бағалау.
 Критериалды бағалауға қатысты сұрақтар бойынша коучинг, тренинг, шеберлік сыныптарын өткіздім.Онда жиынтық бағалау үдерісінің қалай жүзеге асатыны,бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау,жоспарлау мен ұйымдастыру кезеңдерін баяндап бердім. Коучинг барысында ұстаздар түсінуге тырысып,арнайы жасалған тапсырмаларды орындады. Коучингтерден  көрініс:
Келесі коучингімді  жиынтық бағалауға арнадым. Бұл кезде де слайд,кестелер,сызбалар,суреттер,тапсырмалар арқылы түсіндірме жұмыстарын жасадым.Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау) тоқсан соңында ( тоқсандық жиынтық бағалау)  және білім беру деңгейін аяқтағанда ( негізгі орта,  және жалпы орта),  сонымен бірге мұғалімге әр білім алушының жұмысы  бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектесетіні туралы айтып шықтым. Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық түрлері бойынша бақылау тапсырмаларын, әдістерін, кезеңдерін көрсетіп, оқу жылына жиынтық бағалаудың жоспарын құрастыру ұсынылатыны айтылды.
Коучинг 2
Коучтың-әpекеті
Мұғaлімдеpдің іс-әpекеті
Уақыт
Психологиялық ахуал
Бір-бірімізге қошемет көрсетіп қоялық.
Мұғалімдер бір-біріне арналған жылы лебіздері мен шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді.
Топқaбөлу
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.
От Су Күн Ай
Топтарға бөлінеді
Миға шабуыл
Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?
Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма? Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.
Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады
Тапсырма
1 топ: Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді?
2 топ: Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады?
3 топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма?
Топпен жұмыс. Әр топ постер жасайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
Жұмыстарды бағалау үшін табыс критерийлерін пайдалану.
Тәжірибеңізде бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз?
Бағалау сабақтың қай кезеңінде тиімді және ыңғайлы?
«қойылған баға»
Бағалауда сіздің көзқарасыңыз қандай?
Оқыту үшін бағалау сізге қаншалықты маңызды?
Өз тәжірибеңізде бағалауға ризасыз ба?
Бағалаудың қандай түрлерін ұсынасыз?
Рефлексия
Сұрақ қою: Оқушының жұмысын бағалау тек баға қою түрінде болу  керек  
Оқушылар үшін олар өз құрдастарымен салыстырғанда  қандай деңгейде екенін түсіну маңызды  
 Оқушыларға өз оқу мақсаттарын анықтауға мүмкіндік беру  керек  
 Мұғалім жасаған бағалау анағұрлым маңызды болып  табылады  
 Оқушылар өздеріне баға беріп, білімін қалай жетілдіре  алатынын түсіну керек  
 Жазбаша жұмыс нәтижелері әрбір оқушының оқуын  бағалаудың ең жақсы тәсілі болып табылады  
Стикерге өз ойларын жазады
Тапсырма
Презентация көрсету
Теориялық материал
Бейнежазба көрсету.Бағалау, бағалау түрлері мен әдістерімен таныстыру.
Бейнежазба.
Бағалаудың теориялық жағымен танысады.
Кеpі бaйлaныс. Pефлексия.
«Бағалау» сөзін пайдалана отырып, өлең, мақал пайдалана отырып қорытындылау 
10. Критериалды бағалауға қатысты сұрақтар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру.
Әрбір коучинг барысында мұғалімдер ұжымы бірлесіп жұмыс жасап, өзара пікір   алмасып ,ортақ шешімдер  қабылдап , сапалы  оқытудың   маңызды факторларына   назар аударып ,оқытудың тиімділігімен мұғалім   жұмысының  сапасына назар   аударды.Коучингтер   барысында сыныптағы оқу  үдерісінің тиімділігін айқындайтын негізгі  факторларға, қалай оқу керектігін үйрену жолдарын ортақ талқыға салды. Келесі оқу жылында да жоспарлар жасалынып,түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. 11. Әдістемелік материалдарға мұғалімдердің пікірлері.
 Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған бағалау бойынша нұсқаулықта критериалды бағалау жүйесінің терминдері мен анықтамалары, қағидалары берілген. Білім алушылардың оқу жетістіктерін, қалыптастырушы, жиынтық бағалаудың үдерістерін жоспарлау, ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстар мен тоқсандық, жиынтық баға қою механизмдері  көрсетілген. Оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен оқу материалдарын меңгеру сапасын анықтау үшін мұғалім- ата-ана- білім алушы арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүйесін құрастыруға мүмкіндік берді. 12. Мектептің ұсыныстары мен сұрақтары,қажеттіліктері,ұсынымдары.
-Критериалды бағалау бойынша арнайы бағалау дәптерлері шығарылса, мұғалімдердің уақыты үнемделетін еді. Материалдық базаның жетіспеушілігі,әр кабинеттің  АКТ мен жабдықталмауы,критериалды бағалауды сапалы жүргізуге кедергі келтіріп отыр.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив