Нормативные документы » СШ №20
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа №20»нің
отдела образования города Тараз
Управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 56-54-72
Бухгалтерия
+7(7262)56-54-72
Версия для
слабовидящих
» » » Нормативные документы
23
май
2017

Нормативные документы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2015ж.24.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 мартдағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді.
Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.
БҒДМБ сәйкес оқыту сапасын арттыруда білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық қолдау.
2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері келесі факторлармен негізделеді:
2016 жылғы 1 сентябрьтен бастап 1-сыныптарда жаңартылған білім мазмұнын енгізу (барлық пәндер оқыту тілінде оқытылады);
бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқыту 1-4-сыныптарда жүзеге асырылады;
9-сыныпта міндетті түрде «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы оқытылады.
Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 майдағы №292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 июльдегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 сентябрьтегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 майдағы №309 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
2) 2-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 августдағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2012);
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 ноябрьдағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 июльдегі №296 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 ноябрьдағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 ноябрьдағы №471 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 ноябрьдағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 февральдағы №61 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 июльдегі №281 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 июньдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 сентябрьтегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» МОН РК 2016 жылғы 8 январьдағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 сентябрьтегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді және оны білім беру ұйымының директоры бекітеді.
Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау үшін педагогтердің таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылады.
Бақылау шараларының негізгі түрлері шығарма, ауызша, жазбаша, практикалық формалармен жүзеге асырылады. Бақылау формаларын таңдау оқу пәнінің ерекшеліктері мен мазмұнына, оны оқуға бөлінген сағат санының көлеміне, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, оқыту кезеңдері мен оқытудың жоспарланған нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады.
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымдары басшыларының бекіткен кестесіне сәйкес жүргізілуі керек. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және сабақ кестесінің соңғы сабақтарында өткізу ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып), «Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 июльдегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 январьдағы
N 64 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына
шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан
төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін
отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім
алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау
бағыты мен оларды есепке алу қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.22 № 255 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Осы Қағидалар "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 июльдегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадайсанаттарына:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі - білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат жергілікті атқарушы органдардың бюджетінде көзделген жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға арналған шығыстар сомасының кемінде бір пайыз мөлшеріндегі аударымдар есебінен қалыптастырылады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражат:
1) киім, аяқ киім, оқулықтар, оқу құралдарын, мектеп-жазу құралдарын сатып алуға;
2)оқитын жерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға;
3)қаржылай көмек көрсетуге;
4) санаторий-курорт ұйымдары мен демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға;
5) білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуына жұмсалады.
4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді. Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі. Өтінішті алқалы орган өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.
Ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне төмендегі растау құжаттары қоса беріледі:
1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;
2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);
3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін алқалы орган қажет болған жағдайда қажетті құжаттарды сұратады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекалмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына да бөлу жолымен анықталады.
Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезінде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескеріледі.
5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуын білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайды және білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісім бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.
7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсімдерін және пайдаланылуын есепке алуды білім беру ұйымының қаржы қызметі жүзеге асырады.
Білім беру ұйымы жыл сайын жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 июльге және 20 январьға дейінгі мерзімде жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша есептілікті жергілікті атқарушы органға еркін нысанда ұсынады.
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын,
жан басына шаққандағы табысы ең төменгі
күнкөріс деңгейінің шамасынан
төмен отбасылардан шыққан білім алушылары
мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға, төтенше
жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және
өзге де санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай және
материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты мен
оларды есепке алу қағидаларына
қосымша
_______________________________
ұйымының басшысы _____________
_______________________________
(Т.А.Ә.)
_______________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________
(мекенжайы)

Өтініш

Сізден ____________ сынып оқушысы____________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
жалпыға міндетті оқу қорынан __________________________________________
_____________________________________________________________ түрінде
материалдық көмек беруіңізді сұраймын.
Себебі, ________________________________________________________
(себебі көрсетіледі)
20____ жылғы "___" ___________ _________________________________
(күні, Т.А.Ә., қолы

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраған азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі учаскелік комиссиялардың ережесін бекіту туралы Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі N А-4/134 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 11 майда N 3188 тіркелді " Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраған азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі учаскелік комиссиялар (бұдан ірі - комиссия) туралы Ереже бекітілсін (1-қосымша). 2. Комиссиялардық атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы және отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау туралы қорытындысының слабовидящих бекітілсін (2, 3-қосымшалар). 3. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамау туралы уәкілетті орган шешімінің слабовидящих бекітілсін (4,5-қосымшалар). 4. Ақмола облысы әкімдігінің«"Әлеуметтік көмек көрсету бойынша ведомствоаралық учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 3 мартдағы N№А-2/84 қаулысының күші жойылсын. 5. Осы аталған қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Бекмағамбетовке жүктелсін. 6. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және 2006 жылғы 1 январьдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты деп саналады. Облыс әкімі БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысы әкімдігінің 19/04/2006 ж.№N a-4/134 қаулысымен Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды сұраған азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі учаскелік комиссиялардың ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны беруді сұраған азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі учаскелік комиссия (бұдан әрі-комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. 2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 июльдегі N№246, " Балалы отбасыларына берілетін жәрдемақылар туралы" 2005 жылғы 28 июньдағы N№63 заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын іске асыру шаралары туралы" 2001 жылғы 24 декабрьдағы N№1685 , "Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңын іске асырудың кейбір шаралары туралы»2005 жылғы 2 ноябрьдағы N 1092 қаулыларын, осы Ережені басшылыққа алады және өз жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық негізде құрады. 3. Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің шешімімен құрылады. Ол комиссияның төрағасы, хатшысы және мүшелерінен құралады. Комиссияның құрамына жергілікті өкілетті басқарма органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, меншіктік кооперативтік жайлардың (пәтер) иелері, поселкенің, ауылдың (селоның) тұрғындары, ұйымдардың және уәкілетті білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіреді. 4. Комиссия өз жұмысын қоғамдық бастама негізінде жүзеге асырады. 2. Комиссияның міндеттері мен қызметтері 5. Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметтері мыналар: 1) Уәкілетті органдарға әлеуметтік көмек көрсетуге оның атаулылығын арттыруға және қаржының көмекке мұқтаж отбасыларына жіберілуіне жәрдемдесу. 2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны (бұдан әрі - балаларға берілетін жәрдемақы) беруді сұраған азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеу. 3) Азаматтарды зерттеу жұмысын жетілдіре түсу бойынша ұсыныстар дайындау. 3. Комиссияның құқықтары 6. Тиісті мемлекеттік органдардан зерттеуді жүргізуге қажет мәліметтерді сұрату. 7. Комиссияның отырыстарында комиссияның жұмысына қатысты мәселелер бойынша комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерін (жауапты өкілдерін) басқа да ұйымдарды тыңдау.
8. Белгіленген тәртіпте комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу.
9. Комиссияның жұмысына қатысты мәселелерді шешу бойынша комиссияның құрамына кірмеген мемлекеттік органдардың өкілдерін, басқа да ұйымдарды тарту. 4. Комиссияның міндеттері мен жауапкершілігі 10. Комиссия міндетті: 1) атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы берудің қажеттілігі туралы қорытынды шығаруға; 2) атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) материалдық жағдайын олардың тұрғылықты жеріне шығып зерттеу; 3) Даулы жағдайлар туындаған кезде (отбасы құрамының, материалдық жағдайының өзгеруі, жасырын табыстарының болуы, әлеуметтік көмекті нысанасыз қолдану және т.б.) бес күннің ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің тапсырмасы бойынша (істе құжаттар толық болған жағдайда) әлеуметтік көмекті, балалар жәрдемақысын беруді сұраған азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайын қосымша зерттеуді жүргізеді және қорытынды дайындап, оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне тапсырады. 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы берген кезде зерттеу актісі қажет болған жағдайда ғана жасалады. Зерттеу барысында комиссия мүшелері өтініш берушінің көмек сұрауының себептерін анықтайды. Мұнда келесі жағдайларға көңіл бөлінеді: отбасының құрамы және саны; отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің саны; еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін мүшелерінің саны - олардың жұмыспен қамтылмау себебі; отбасында еңбекке жарамды, бала күтумен айналысып отырған мүшесінің бар екендігі; отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтімге мұқтаж адамдардың бар екендігі (мүгедектер, қарт адамдар, аурулар); тұрғын жайдың бар екендігі, саны (пәтер, жер үй); пайдалануға жарамды автокөліктің бар не жоқ екендігі. 4) Өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын зерттеу комиссиямен азаматтардың жеке өміріне деген құрметті сақтай отырып, олардың абыройын кемсітпейтіндей жағдайда жүргізілуі тиіс. 5) Өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын зерттеу отбасының ересек мүшелерінің біреуінің қатысуымен қолданыстағы заңнамада бекітілген мерзімде жүргізіледі. 6) Өтініш беруші өзінің материалдық жағдайын зерттеуді жүргізуден бас тартқан болса, акт жасалады және азаматтың әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алу құқығынан айырылғаны туралы қорытынды шығарылады. Бұл туралы уәкілетті органды және тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкімін хабардар етеді. 11. Учаскелік комиссияның мүшелері тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкіміне және (немесе) уәкілетті органға тапсырған зерттеу актісінде және қорытындыда жазылған ақпараттың нақты және шындыққа сәйкестігі үшін жауапты. Зерттеу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қатаң сақтай отырып қолданатындығына кепілдік береді. 5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру 12. Комиссияны тиісті әкімшілік-аумақтық округтің әкімімен тағайындалған төраға басқарады. 13. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажет құжаттарды, материалдарды және комиссия отырысы өткізілген соң отырыстың хаттамасын комиссияның хатшысы ресімдейді. 14. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіліп отырады, ол туралы өтініш берушілерді алдын ала хабардар етеді. 15. Отырыстың күн тәртібі, оның өткізілетін жері мен уақыты комиссия төрағасымен комиссияның басқа мүшелерімен келісе отырып анықталады және нақтыланады. 16. Комиссияның шешімдері оның отырысына құрамының төрттен үші қатысқан кезде ғана заңды деп саналады. 17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол үшін комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Егер екі жақтың дауысы тең болса, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып танылады. 18. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне немесе уәкілетті органға тапсырылады. Әлеуметтік көмекті тағайындау мәселесін шешуде дау, жанжал туындаған жағдайда тағайындау мәселесін шешу уәкілденген органмен бірлескен отырыстарда қаралады. 19. Комиссияның қорытындысы бойынша өтініш беруші уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануы мүмкін. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы 20. Комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тоқтатылады. 2 қосымша Ақмола облысы әкімінің 19/04/200_ ж. N a-4/134 қаулысына _______ ж. № _____ ҚОРЫТЫНДЫ _________________ қаласының (поселкесінің) учаскелік комиссиясының Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы ___________________________________________________________________ (аты-жөні, тегі) ___________________________________________________________________ (отбасының құрамы) ___________________________________________________________________ (балалар туралы мәліметтер,саны 7 дейін,18 дейін, 18 асқан) ___________________________________________________________________ (балалардың оқуы, толық мемлекет қамқорлығындағы оқушылардың саны, ЖОО оқитындардың соның ішінде коммерциялық топтарда оқитындардың саны) ___________________________________________________________________ (отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы /немен айналысатыны көрсетіледі/) Учаскелік комиссия, мына жұмыстарды жүргізіп: (керегін белгілеу) - отбасының құжаттарын қарап; - отбасының материалдық жағдайын зерттеп; - ұсынылған құжаттарды іріктеп, қайта қарап ___________________________________________________________________ (нақты қандай екенін көрсету қажет) ШЕШТІ: 1. Отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж, себебі (толық негіздеме) ___________________________________________________________________ (комиссия мүшелерінің пікірлері) ___________________________________________________________________ 2. Отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес, себебі (толық негіздеме) ___________________________________________________________________ (комиссия мүшелерінің пікірлері) Комиссия төрағасы ___________ ___________________________________ Комиссия мүшелері ___________ ___________________________________ (қолы) (аты-жөні) ___________ ___________________________________ ___________ ___________________________________ 3 қосымша Ақмола облысы әкімінің 19/04/200_ ж. N a-4/134 қаулысына _______ ж. №N _____ ҚОРЫТЫНДЫ ________________ қаласының (поселкесінің) учаскелік комиссиясының Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларына берілетін жәрдемақылар туралы" Заңының негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы _________________________________________________ (аты-жөні, тегі) ___________________________________________________________________ (отбасының құрамы) ___________________________________________________________________ (балалар туралы мәліметтер,саны 3 дейін,18 дейін, 18 асқан) ___________________________________________________________________ (балалардың оқуы, толық мемлекет қамқорлығындағы оқушылардың саны, ЖОО оқитындардың соның ішінде коммерциялық топтарда оқитындардың саны) ___________________________________________________________________ (отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы /немен айналысатыны көрсетіледі/) Учаскелік комиссия, мына жұмыстарды жүргізіп: (керегін белгілеу) - отбасының құжаттарын қарап; - отбасының материалдық жағдайын зерттеп; - ұсынылған құжаттарды іріктеп, қайта қарап ___________________________________________________________________ (нақты қандай екенін көрсету қажет) ШЕШТІ: 1. Отбасы балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға мұқтаж, себебі (толық негіздеме) ______________________________________________________ (комиссия мүшелерінің пікірлері) ______________________________________________________ 2. Отбасы балалы отбасыларына берілетін жәрдемақыға мұқтаж емес, себебі (толық негіздеме) ______________________________________________________ (комиссия мүшелерінің пікірлері) Комиссия төрағасы ___________ ___________________________________ Комиссия мүшелері ___________ ___________________________________ (қолы) (аты-жөні) ___________ ___________________________________ ___________ ___________________________________ Күні _____________ 4 қосымша Ақмола облысы әкімінің 19/04/200 ж. N a-4/134 қаулысына Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша ________ ж. N№ _____ ШЕШІМ Отбасының тіркеу N№_________ Өтініш Күні, N _________ Аты-жөні,тегі _________________________________________ Туған күні: _______________ӘЖК:_______________ СТН ____ Тұрғылықты жері (нақты):_______________________________ Отбасындағы адамдар саны:_______________ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 июльдегі N№246 II Заңының 2,7 баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының ______ мүшесіне тағайындалсын. Төленетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері: _________ бастап _______дейін___________сомада. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін есептеу Отбасының 200 _____ ж. _____ тоқсанындағы кірісі: Еңбекақы _____________________________________________ Зейнетақы ____________________________________________ Әлеуметтік жәрдемақы__________________________________ Арнайы мемл.жәрдемақы_________________________________ Алименттер____________________________________________ Кәсіпкерлік қызмет ___________________________________ Қосалқы шаруашылық ___________________________________ Кірістің басқа түрлері _______________________________ Отбасының _____ тоқсанындағы жиынтық кірісі___________ Отбасының айлық орташа табысы_________________________ Кірісті есептегенде есептелді, __________адамға_______ Бір айдағы жан басына шаққандағы табыс________________ Кедейшілік шегі ______________________________________ Кедейшілік шегі мен жан басына шаққандағы кірістің айырмасы _____________________________________________ АӘК ай сайын тағайындау: 1. __________________________ 2. __________________________ 3. __________________________ АӘК мөлшері,отбасына ______________________________ Қанша адамға тағайындалған ________________________ Уәкілденген органның басшысы __________________ Маман __________________ 5 қосымша Ақмола облысы әкімінің 19/04/200 ж. N a-4/134 қаулысына Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындамау бойынша ________ ж. N№ _____ ШЕШІМ Отбасының тіркеу N№_________ Өтініш Күні,№ _________ Аты-жөні,тегі_________________________________________ Туған күні: _______________ӘЖК:_______________СТН ____ Тұрғылықты жері (нақты):______________________________ Отбасындағы адамдар саны:_______________ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 июльдегі N№246 II Заңының 2, 7 баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмасын . Себебі:_______________________________________________ ______________________________________________________ Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін есептеу Отбасының 200 _____ ж. _____ тоқсанындағы кірісі: Еңбекақы _____________________________________________ Зейнетақы ____________________________________________ Әлеуметтік жәрдемақы__________________________________ Арнайы мемл.жәрдемақы_________________________________ Алименттер ____________________________________ Кәсіпкерлік қызмет ___________________________________ Қосалқы шаруашылық ___________________________________ Кірістің басқа түрлері _______________________________ Отбасының _____ тоқсанындағы жиынтық кірісі___________ Отбасының айлық орташа табысы ________________________ Кірісті есептегенде есептелді, __________адамға_______ Бір айдағы жан басына шаққандағы табыс _______________ Кедейшілік шегі ______________________________________ Кедейшілік шегі мен жан басына шаққандағы кірістің айырмасы _____________________________________________ АӘК ай сайын тағайындау: 1. ________________________________ 2. ________________________________ 3. ________________________________ АӘК мөлшері,отбасына _____________________________ Қанша адамға тағайындалған _______________________ Уәкілденген органның басшысы ___________________ Маман _________________

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеу мерзімін ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 cәуірдегі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив