«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №20 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
Хабарландыру
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №20 коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымы педагогінің бос лауазымдарына тағайындау конкурсын жариялайды.
1. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Крылов көшесі 1
Байланыс телефоны :56-54-71,school_taraz_20@mail.ru
2. Лауазымдар атауы: тарих пәні мұғалімі тұрақты орынға, 1 жүктеме, орыс сыныптарына
Лауазымдық жалақысы: 85000 теңгеден жоғары (еңбек өтілі, біліктілік санатына байланысты)
3. Педагогикалық үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білім.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі 11.08 – 19.08.2025 аралығы.
Құжаттар қағаз жүзінде мектепте қабылданады. Көк папкада төмендегі көрсетілген құжаттар толығымен салынып әкеліну керек.
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
12) бағалау парағы
13) өтініш