Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіне пікір* » СШ №20
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№20 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 56-54-72
Есепші бөлімі:
+7(7262)56-54-72
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіне пікір*
23
қаңтар
2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіне пікір*

  

  Ұлттық құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық алаң. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі еліміздің жаңа даму кезеңіндегі басым бағыттарды айқындап, қоғам алдындағы ортақ жауапкершілікті терең сезінуге үндейтін мазмұнды әрі стратегиялық маңызы зор үндеу болды.

    Президент өз сөзінде мемлекеттің басты күші – халықтың жасампаздық әлеуетінде екенін атап өтті. Бүгінгі жаһандық өзгерістер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлі айрықша маңызға ие. Бұл бағытта Қазақстанның нақты қадамдарға көшуі, білім, ғылым және жоғары технология салаларына инвестицияны арттыруы – адам капиталының сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шешім. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл бастамалар құр ұран мен көзбояушылыққа емес, нақты нәтижелерге негізделуі тиіс.

    Ұстаз әрі мектеп директоры ретінде мені ерекше қуантқаны – білім мен тәрбиеге, жастардың болашағына, ұлттық құндылықтарға ерекше көңіл бөлінуі. Президенттің сөзінен жас ұрпақты тек білімді ғана емес, отансүйгіш, адал, жауапкершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі айқын аңғарылады. Бұл – білім беру ұйымдарының, соның ішінде мектеп басшылары мен мұғалімдер қауымының алдында тұрған басты міндеттермен толық үндеседі.

  Сонымен қатар, Ұлттық құрылтайда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана ісін дамыту мәселелерінің көтерілуі де аса маңызды. Кітапхана – ұлт жады, рухани қазынасы. Жастарды кітап оқуға баулу, заманауи, қолжетімді кітапханалар ашу, Ұлттық кітап күнін мазмұнды түрде атап өту – озық ойлы, саналы ұлт қалыптастырудың төте жолы. Бұл бастамалар білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұнын байытып, жас ұрпақтың рухани дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

   Сондай-ақ Президент экономикалық өсім, инфрақұрылымды жаңғырту, көлік және энергетика саласын дамыту, экологияны қорғау, мемлекеттік басқару реформаларын жалғастыру, ұлттық бірлік пен тарихи сананы нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл бағыттардың барлығы еліміздің орнықты дамуы мен халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған.

    Қорытындылай келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі – қоғамды бірлікке, жауапкершілікке және ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды стратегиялық бағдар. Бұл үндеу әрбір азаматты, әсіресе білім саласы өкілдерін ел болашағына бейжай қарамай, саналы, білімді әрі отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу жолында бірлесе еңбек етуге шақырады.

№20 орта мектебінің директоры С.Жанузакова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив